Дэвис кубогы: Қазақстандық теннисшілер жұптық кездесуде Таиландқа есе жіберді

Дэвис кубогы: Қазақстандық теннисшілер жұптық кездесуде Таиландқа есе жіберді
Теннис

ҚТФ

Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы Таиландқа қарсы матчта жұптық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан атынан Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев кортқа шықты. Олар тайландтық Пручья Исаро мен Максимус Джонсқа қарсы ойнады. Тартысты кездесу үш сетке созылып, Таиланд жұбы 6:4, 3:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. 

Шешуші үшінші сеттегі жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Жұптық матчтан кейін жалпы есеп 2:1 болып, Қазақстан құрамасы алда келеді. Қарсыластықтың тағдыры қалған жекелей кездесулерде шешіледі.

Алғашқы ойын күні Александр Шевченко Максимус Джонсты жеңсе, Тимофей Скатов Касидит Самрейден басым түскен болатын. Қазақстан – Таиланд кездесуінің жеңімпазы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік алады.