Төрехан Сабырхан Ирак боксшысын бірінші раундта сұлатып салды

Төрехан Сабырхан Ирак боксшысын бірінші раундта сұлатып салды
Бокс

ҰОК

Қазақстдық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Жапониядағы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз қарсыласы Али Касим Хамдам Әл-Саррайды (Ирак) айқын басымдылықпен жеңді. Төрехан алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті ерте аяқтады. 

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын.