Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды

Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды
Бокс

ҚБФ

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

51 келіге дейінгі салмақта жапониялық Юна Нишинакамен жұдырықтасқан қазақстандық боксшы алғашқы раундта қарсыласынан басым түсті. Алайда екінші кезеңде есеп теңесті. Дегенмен шешуші раундта 2:3 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Осылайша Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.