Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды
Басқа
Сали Сабиров
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.
Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды - 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді - 9:08.67.