Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні бағындырып, күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, ал серпе көтеруде 137 келіні еңсерді.

Бұл санатта бас жүлде мен алтын медаль қос сайыста 258 келіні (118+140) бағындырған Қытай өкілі Хэ Жэньсюге бұйырды. Ал үздік үштікті 243 келі (107+136) көрсеткішімен Иран спортшысы Рейхане Карими түйіндеді.