Денис Никиша Әлем Кубогының күміс жүлдесін иеленді

Денис Никиша Әлем Кубогының күміс жүлдесін иеленді
Қысқы спорт

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем Кубогының екінші кезеңінде Денис Никиша күміс медаль иеленді.

500 метр қашықтыққа жүгіру сынында ол мәре сызығын 40.675 уақытта кесіп өтіп, екінші орынға тұрақтады. Осы сонды голландиялық шорт-трекші Дженс ван Тивут жеңімпаз атанса, италиялық Пьетро Сигель үздік үштікті түйіндеді.