Бокстан Азия біріншілігі: Бүгін рингке үш отандасымыз шығады

Бокс
Иордания астанасы Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
Жарыстың төртінші күні рингке қазақстандықтар Санжар Ташкенбай (48 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) және Асланбек Шымбергенов (71 кг) шығады.
Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда ел чемпионы Дулат Бекбауов түркіместандық Сапармұрат Одаевпен, ал Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен кездеседі.
Кешкі сессия кезінде (Астана уақытымен 21:00) отандасымыз Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Джалиловпен сынға түседі.
Тікелей көрсетілімді bassport.kz сайтының "Трансляциялар" бөлімінен тамашай аласыздар.