"Naiza" лигасы спортшыларының жалақысы белгілі болды

Жекпе-жек

 "Naiza" лигасының президенті Нұрбек Қарабала "Baitassov Live" youtube-каналына берген сұқбатында спортшылардың жалақысы туралы айтып берді. 

"Әрбір спортшы қанша тұрса, сонша ақша алуы тиіс. Мәселен, кейбірі мықты болғанымен, оларды ешкім танымайды. Кейбірі, керісінше, танымал болғанымен әлсіз болуы мүмкін. Жоғары жалақыны танымал әрі мықтылар алады. Біздің лигада 5+5 мың долларға тең келісімшарт болған", - деді ол. 

Айта кетейік, Naiza турнирінің келесі жекпе-жегі ертең 28 қазан күні Алматыда өтеді. Кештің басты кездесуі Фаниль Рафиков пен бразилиялық Бонифаций Сильва арасында өтеді.