Бір топ ирандық футболшы өз елінің ұлттық құрамасын Әлем чемпионатынан шығаруды талап етті

Бір топ ирандық футболшы өз елінің ұлттық құрамасын Әлем чемпионатынан шығаруды талап етті
Футбол

Бір топ ирандық футболшы ФИФА-дан өз елінің ұлттық құрамасын Қатарда өтетін Әлем чемпионатынан шығаруды талап етті. Ойыншылар халықаралық ұйымға хат жолдаған.

Хатта: "Иран билігінің өз халқына деген мейірімсіздігі, елде ФИФА кодексінің бұзылуы, әйелдердің стадиондарға кіруіне тыйым салынғаны, жүйелер тарапынан бірнеше ойыншының қысымға ұшырап жатқанына байланысты бұл жағдай ұлттық құраманы Әлем чемпионатынан шығаруға негіз болады", - делінген.

Бұған қоса, ирандық футболшылар Иранның ФИФА мүшелігінен шеттетілуі керек деген.

Еске салар болсақ, Иран ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия, Уэльс және АҚШ елдерімен күш сынасады.