Винисиус Жуниорға 12 матчтық дисквалификация қаупі төніп тұр

Винисиус Жуниорға 12 матчтық дисквалификация қаупі төніп тұр
Футбол

Reuteurs

“Реал” шабуылшысы Винисиус Жуниор 12 матчқа шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz.

Испания Ла Лигасының 12-туры аясындағы “Валенсияға” қарсы өткен ойында Винисиус қақпашыны итеріп, қызыл қағаз алды.

Чемпионат регламентіне сәйкес, допқа ойнауға талпынбаған агрессивті әрекет үшін футболшы 4-тен 12 матчқа дейін шеттетілуі мүмкін, деп мәлімдеді “Матч ТВ”.

Mundo Deportivo басылымының деректеріне сүйенсек, Винисиусқа ең аз жаза қолданылып, төрт матчқа дисквалификация берілуі ықтимал.

Ойыншы өзінің қылығы үшін кешірім сұрады: “Кешіріңіздер және рахмет, команда” — деп жазды Винисиус әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, “Реал” мен “Валенсия” арасындағы матч мадридтік клубтың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.