Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. Қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Алғашқы жекпе-жегінде Құмартаева Германия өкілі Супхрада Атеслиді жеңді. Одан кейін қазақстандық спортшы Коста-Рика спортшысы Джейси Бассетттен басым түсті. Ширек финалда Құмартаева Франция спортшысы Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен кездесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Құмартаева үшінші орын алды.