Қазақстандық спортшы маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлде алды
Басқа
Olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.
Алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды - 24:14. Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.