VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы медальдық есепте жеңіске жетті
Басқа
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан ұлттық құрамасы Бішкекте (Қырғызстан) мәресіне жеткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытынды медальдық есебінде жеңімпаз атанып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандық спортшылар дүбірлі дода барысында 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, жалпы саны 74 медаль қоржынға салды.
Екінші орынға 30 алтын, 35 күміс және 19 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы жайғасса, үздік үштікті 7 алтын, 8 күміс және 21 қола жүлдемен Ресей түйіндеді.
5 алтын, 3 күміс және 13 қоламен 4-орынды Моңғолия алса, Өзбекстан 4 алтын, 4 күміс және 11 қола медальмен 5-орынды місе тұтты.