Лозаннадағы Grand Slam турнирінде дзюдошы Абылайхан Жұбаназар топ жарды
Жекпе-жек
ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.
Қазақстандық балуан ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевтен басым түсті.
Осылайша Абылайхан Жұбаназар жарысты бірінші орынмен аяқтады.