Муджудағы алғашқы жүлде: Қазақстандық таэквондошы үздік үштікке енді

Муджудағы алғашқы жүлде: Қазақстандық таэквондошы үздік үштікке енді
Жекпе-жек

Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында басталған WT таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күні даянгқа шыққан Айдана Құмартаева 49 кг дейінгі салмақта 3-орын алды. Отандасымыз жартылай финалда осы салмақта әлем чемпионы Лю Ю-юнмен (Қытайдың Тайпейі) күш сынасты. Аса тартысты өткен жекпе-жекте Лю басым түсті. Осылайша, Айдана жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Муджудағы жарысқа 6 отандасымыз аттанды. Барлығы 46 мемлекеттен 248 таеквондошы жиналды. Бұл – осы маусымдағы Гран-при сериясының 2-кезеңі. Шешуші турнир биыл күзде Астанада өтеді.