Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ U-19» сапында кезекті рет көзге түсті

Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ U-19» сапында кезекті рет көзге түсті
Футбол

"Бешикташ" ФК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Аламгир Смақов Түркия біріншілігінде өзін үздік қырынан көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Бешикташ U-19» сапында өнер көрсететін отандасымыз стамбулдық дербиде «Фенербахчеге» қарсы матчтың басты кейіпкеріне айналды. Ол алдымен командаласына нәтижелі пас шығарса, кейіннен өзі де гол соғып, «гол+ассист» жүйесімен көзге түсті. Смақовтың бұл ерлігі «Бешикташтың» 2:1 есебімен маңызды жеңіске жетуіне септігін тигізді. Бұл — 18 жастағы футболшының түрік клубындағы 4 матчтағы 3-ші голы