ҚПЛ: «Тобол» өз алаңында «Ұлытауды» жеңді

ҚПЛ: «Тобол» өз алаңында «Ұлытауды» жеңді
Футбол

Sports.kz

Қазақстан Премьер-Лигасының 25-туры аясында қостанайлық «Тобол» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытаумен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қостанайдағы «Орталық» стадионда өткен тартысты кездесуде алаң қожайындары сапынан Урош Милованович есеп ашқанымен, үзіліске дейін қонақтардан Аслан Ахмедов таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймда ширақ қимылдаған «Тобол» футболшылары қарсыласын тықсыра түсті: алдымен Виталий Лисакович командасын алға шығарса, матч соңында Милованович дубль орындап, ойын нүктесін қойды.

Бұл жеңістен кейін «Тобол» еншісінде 32 ұпай бар.