«Барыс» маусым алдындағы дайындық турнирінде «Адмиралды» қапы қалдырды
«Барыс» хоккей клубы
Астаналық «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен маусымалды Николай Пучков атындағы дәстүрлі турнирдегі соңғы кездесуін өткізді. Қазақстандық ұжым айдын иелерінің «СКА Аренасында» Владивостоктың «Адмирал» командасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Турнирдің қорытынды матчында «Барыс» тамаша ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластар қақпасына 6 шайба тоғытты және кездесуді сенімді жеңіспен тәмамдады. Осылайша, елордалықтар Санкт-Петербордағы дүбірлі доданы сәтті нотада аяқтап, жанкүйерлерін бір қуантты.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі екі кездесуде «Барыс» петерборлық СКА (1:2 Б) және ЖХЛ-да өнер көрсететін жергілікті СКА-ВМФ (1:2 Б) командаларына тек буллит сериясында ғана есе жіберген болатын.