Өскеменнің «Торпедосы» екінші жыл қатарынан хоккейден Қазақстан кубогын иеленді

Өскеменнің «Торпедосы» екінші жыл қатарынан хоккейден Қазақстан кубогын иеленді
Хоккей

Pro.Ligasy.kz

Өскемендік «Торпедо» финалда Қарағандының «Сарыарқа» клубын 8:2 есебімен тас-талқан етіп, екінші жыл қатарынан шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Матч барысында қарағандылықтар есеп ашқанымен, өскемендіктер сапынан Диас Гусейнов пен Никита Колобов дубль жасап, Степан Рифель, Ерік Алдабергенов, Дмитрий Гренц және Павел Жирнов бір-бір шайбадан соқты. Осылайша, «Торпедо» өз тарихындағы беделді жүлдені тағы да қорғап қалды.