Әлем чемпионы Эмилиано Мартинес «Челси» ойыншысы атанды
Футбол
«Челси» футбол клубы
«Челси» футбол клубы қақпашы шебін айтарлықтай күшейтті. «Астон Вилланың» негізгі қолғап шебері әрі Аргентина ұлттық құрамасының үздік қақпашысы Эмилиано Мартинес мансабын «ақсүйектер» сапында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Тараптар арасындағы ресми келісім 2028 жылдың жазына дейін жасалды. Sky Sports таратқан мәліметке сүйенсек, келісімшарт 3 жылға есептелген.
«Челси» бұл трансфер үшін Бирмингем клубына 7,5 миллион фунт стерлинг төледі.
33 жастағы тәжірибелі қақпашының бұл трансфері лондондық клубтың қорғаныс шебіне үлкен сенімділік ұялатары анық. Мартинес жаңа командасымен бірге үлкен белестерді бағындыруға дайын екенін жеткізді.