«Қайрат» Конференция лигасындағы ойын кестесін жариялады

«Қайрат» Конференция лигасындағы ойын кестесін жариялады
Футбол

«Қайрат» футбол клубы

Қазақстандық «Қайрат» командасының UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматылық клуб аталған турнирдің бұл кезеңінде «Панатинаикос» (Грекия), «Аталанта» (Италия), «Университатя» Крайова» (Румыния), «Твенте» (Нидерланд), «Мьельбю» (Швеция) және «Рига» (Латвия) командаларымен шеберлік байқасады.

Қазақстандық команданың алғашқы ойыны 15 қазанда болса, алтыншы матч 16 желтоқсанда өтеді.

Ойын кестесі

15 қазан «Рига» - «Қайрат»

22 қазан «Қайрат» - «Панатинаикос»

5 қараша «Аталанта» - «Қайрат»

26 қараша «Қайрат» - «Мьельбю»

10 желтоқсан «Қайрат» - «Университатя» Крайова»

16 желтоқсан «Твенте» - «Қайрат».

Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын «Қайрат» командасы еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0), Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді. Одан кейін Болгарияның «Левски» командасына екі ойын қорытындысы бойынша (0:1, 0:1) жол берді. Ал Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Бельгияның «Андерлехт» командасына (0:3, 0:3) есе жіберді.