Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар финалға жолдама алды

Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар финалға жолдама алды
Жекпе-жек

ҰОК

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақтың финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандасымыз жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсті. Осылайша қазақстандық дзюдошы ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен күреседі. Ал Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.