Шерзод Давлатов Gran Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Шерзод Давлатов Gran Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Жекпе-жек

Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Олимпиада чемпионы франциялық Лука Мхеидзені айқын басымдықпен жеңді. Енді Шерзод Давлатов финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен күш сынасады. Айта кетейік, Лука Мхеидзе Париж-2024 Олимпиадасында командалық бәсекеде топ жарқан. Ал жекелей сайыстың финалында Елдос Сметовке жол берген.