Этникалық қазақ UFC турнирінде жеңіске жетті

Этникалық қазақ UFC турнирінде жеңіске жетті
Жекпе-жек

UFC

Қытайда туып өскен ұлты қазақ аралас жекпе-жек (ММА) шебері Мақсат Қайсар (12-5-0) UFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қандасымыз қытайдың Шаңхай қаласында өткен Road to UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетіп, америкалық файтер Дарриус Флауэрспен (13-9-1) өзара мықтыны анықтады. Қортындысында Мақсат қарсыласын алғашқы раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Айта кетерлігі, Мақсат Қайсар 2022 жылдан бастап UFC турнирінде өнер көрсетті. Осы аралықта қандасымыз 7 жекпе-жек өткізіп, 3 қарсыласын қапы қалдырды. Файтер 2025 жылы соңғы жекпе-жегінде америкалық Гэйдж Янгтан жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын. Мақсат Шаңхайдағы турнирде қытайлық қазақ файтер Тайлақ Нұражының орынына шықты. Тайлақ жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартқан.