Еркебұлан Тоқтар спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Еркебұлан Тоқтар спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Бокс

Еркебұлан Тоқтпрдың инста парақшасынан

Еркебұлан Тоқтар кәсіби мансабын алдағы бір-бір жарым жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанада өткен International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон «Испанчик» Исроиловты жеңгеннен кейін Тоқтар болашақ жоспары туралы айтып берді. Спортшының сөзінше, мансабын аяқтау туралы ойына отбасы құру ниеті де әсер еткен.

«Мансабымды бір немесе бір жарым жылдан кейін аяқтаймын. Отбасын құрғым келеді, ал мұндай жағдайда бұл өте қиын. Осы бір-бір жарым жылдың ішінде бизнесімді аяққа тұрғызып, менсіз де бәрі дұрыс жұмыс істейтіндей деңгейге жеткізгім келеді», – деді Тоқтар. 

Еркебұлан мансабын аяқтағанға дейін нақты қанша жекпе-жек өткізетінін әзірге білмейтінін жеткізді.

«Мүмкін 8-9, мүмкін екеу ғана. Қалай болатынын білмеймін. Соңғы үш жылдан бері “бұл менің соңғы жылым” деп айтып жүрмін. Сондықтан көре жатармыз», – деді боксшы.