Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 10 алтын алды
Бокс
ҚБФ
23-29 тамыз аралығында Польшаның Гливице қаласында халықаралық «Silesian Open» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның әйелдер құрамасы жарыста 10 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге 18 елден 200 спортшы қатысты.
Алтын медаль иегерлері:
U17
52 келі — Нұрайым Құдайберген
60 келі — Балым Ғабитқызы
63 келі — Мадина Нұрманова
70 келі — Аяулым Оспанова
U19
48 келі — Асылай Мұрат
51 келі — Мадира Жұмахан
54 келі — Жанель Имантаева
70 келі — Камила Оспанова
75 келі — Алтынгүл Аймұхан
+80 келі — Зарина Толыбай