Еркін күрес: Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде 6 медаль алды
Жекпе-жек
UWW
Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандастарымыз жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды.
79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтыннан алқа тақты.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Мерей Базарбаев (61 келіге дейін), Мағжан Жаңырбай (86 келіге дейін), Нұрдәулет Бекенов (97 келіге дейін), Әлімжан Сәлімжан (125 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.