Құзға өрмелеуден Қытайдағы әлем кубогына кімдер қатысады

Құзға өрмелеуден Қытайдағы әлем кубогына кімдер қатысады
Басқа

Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі келесідей: Әлихан Татамбай, Анна Баларшина, Арина Новицкая. Отандастарымыз "жылдамдық" дисциплинасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ жекелей және эстафеталық сайыстарда сынға түседі. 

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.