Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен U20 чемпионатының алтын жүлдесін иеленді

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен U20 чемпионатының алтын жүлдесін иеленді
Басқа

UWW

Қазақстан күрес түрлерінен Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.