Рыбакина екінші жыл қатарынан финалға жолдама алды

Рыбакина екінші жыл қатарынан финалға жолдама алды
Теннис

Hameltion

Қазақстанның бірінші және әлемнің 1-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдерге қарсы келді. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші сетте есеп 3:2 болған сәтте Елена брейк жасай алды. Содан кейін 11-сетболын пайдалана білді – 6:3. Екінші партияда Е.Рыбакина брейк жасап, 5:3 есебімен алға кетті. Алайда матчқа доп бергенде, Шнайдер брейкпен жауап берді – 5:5. Дегенмен Елена тағы бір брейкке қол жеткізіп, ойынды жеңіспен түйіндеді – 7:5.  Бір сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Шнайдер 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.  Елена Рыбакина финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы жолдан тайдырды – 6:3, 7:5. Өткен жылы қазақстандық теннисші Нинбода үздік шыққан еді.