Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Жекпе-жек

ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ресей балуаны Анвар Аллахияровпен белдесті. Кездесу қорытындысы бойынша Айдос 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық балуан ширек финалға жолдама алып, әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресін жалғастырады. Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали - әлемнің қазіргі чемпионы. Ол 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.