Дзюдо: Азияны бағындырған Данияр кім?

Дзюдо
Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Bassport.kz Данияр Шамишев «Кім?» , «Қайдан?» деген ақпараттарға сұрақ іздеп Азия чемпионаты жеңімпазы туралы ақпаратты оқырмандарына ұсынады.
Өз тобында Нинкхуджам Сурегш Сингх (Үндістан), Бехроузи Ходжазода (Тәжістан) басым түсіп, жартылай финалда қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевті жеңген болатын. Ақтық айқаста өзбекстандық Муроджон Юлдошевтан басым түсіп Азия чемпионатының алтынын мойнына тақты.
Өз тобында Нинкхуджам Сурегш Сингх (Үндістан), Бехроузи Ходжазода (Тәжістан) басым түсіп, жартылай финалда қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевті жеңген болатын. Ақтық айқаста өзбекстандық Муроджон Юлдошевтан басым түсіп Азия чемпионатының алтынын мойнына тақты.
ӨМІРБАЯНЫ
Данияр Шамшаев 2001 жылы 3 тамыз күні Алматы қаласында туған. 8 жасынан беріп дзюдомен айналысады. 19 жасынан бері ересектер арасындағы жарыстарға қатысып келеді. 2018 жылы Тараз қаласында өткен Жастар арасында Қазақстан чемпионатында топ жарып, сол жылдан бастап аталған өңірдің намысын қорғайды. Жеке бапкері – Қожатаев Рахымжан Бекетұлы.
ЖЕТІСТІКТЕРІ
2021 Жастар арасында Еуропа кубогі – күміс жүлде (Прага, Чехия)
2021 Жастар арасында Азия-океания Чемпионаты – алтын жүлде (Бейрут, Ливан)
2021 Ересектер арасында Қазақстан чемпионаты – күміс жүлде (Орал, Қазақстан)
2021 Asian Open турнирі – алтын жүлде (Ақтау, Қазақстан)
2018 Кадеттер арасында Азия чемпионаты – алтын жүлде (Бейрут, Ливан)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕТІСТІГІ
IJF деректеріне сәйкес Данияр Шамшаевтың алғашқы халықаралық жарысы 2016 жылы кадеттер арасында өткізілген Еуропа Кубогі. Тверь (Ресей) қаласында өткізілген турнирдің алғашқы айналымында 50 келіге дейінгі салмақта ресейлік Герман Смирновқа жол берген болатын. 2017 жылы Анталья (Түркия) қаласында өткізілген кадеттер арасындағы Еуропа кубогінде 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін кездесу өткізіп, түркиялық Михрач Аккушқа жол берген. Араға жыл салып, 2018 жылы өткізілген кадеттер арасындағы Еуропа кубогінде (Анталья, Түркия) 60 келіге дейінгі салмақтың финалында украиналық Иван Прудиустпен күш сынасып, қарсыласынан басым түскен болатын. Бұл Данияр Шамшаевтың халықаралық жарыстарда жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Дәл сол жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанды.
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСПАУЫ МҮМКІН ЕДІ
Данияр Шамшаевтың жеке бапкері Рахымжан Қожатаевтың мәліметінше спортшының Азия чемпионатына қатысатыны соңғы сәттерде шешілген. «Бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақта құрама лидері Жансай Смағұловтың қатысуы жоспарланған болатын. Алайда тізесінен жарақат алуы мен Венгрияда өткен жарыстағы күресіне қарап құраманың аға бапкерлері осындай шешім шығарды. Жастығы мен болашағынан үміт күттіретін спортшы болғандықтан, құрамаға қосып шыңдап көру де керек»- дейді бапкер.
73 КЕЛІ САЛМАҚТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
73 келіге дейінгі салмақта ел спортшылары Азия чемпионатында жүлде алып жүргенімен, тұғырдың биік тұғырына тек 2022 жылы Данияр Шмашаев жете алды. Жеңіл салмақта (71-73 келі) қазақстандық дзюдошылар арасында Азия чемпионатында алғаш рет жүлде алған Ахат Аширов. Павлодарлық спортшы 1995 жылы Нью-Дели (Үндістан) өткен Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алса, араға бір жыл салып Хошимин (Вьетнам) қаласында өткен жарыста күміс жүлде иегері атанды. 2000 жылы Осакада (Жапония) өткен сары құрлық бәсекесінде ел намысын қорғаған Асхат Шахаров 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды. 2001 жылы Ұлан Батырда (Моңғолия) Рауван Инатиллаев қола жүлде иеленесе, 2004 жылы Алматыда Сағдат Садықов күміс жүлдеге лайық болды. Ташкентте (Өзбекстан, 2005 жылы) Айдар Қабимоллаев күміс, Чеджуда (Оңтүстік Корея, 2008 ж) Ринат Ибрагимов күміс жүлдені ел қоржынына салды. 2016 жылы өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында Дидар Хамза бұл салмақта финалға дейін жете алса, 2017 жылы Гонконгта Жансая Смағұлов қола жүлдені қанағат тұтты.
ЖАҢА РЕКОРД
Данияр Шамшаев қазақстандық дзюдошылар арасында Азия чемпионы атанған ең жас спортшы. Бұған дейін бұл рекорд 2003 жылы 22 жасында Азия чемпионатының алтынын таққан Асхат Житкеевке тиесілі болатын. Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылардың жас бойынша рекордтары:
Данияр Шамшаев – 21 жас (2022, Нұр-Сұлтан қаласы)
Асхат Житкеев – 22 жас (2003, Чеджу қаласы)
Сергей Шакимов – 23 жас (1995, Нью-Дели қаласы)
Максим Раков – 23 жас (2009, Тайпей қаласы)
ДАНИЯР НЕ ДЕЙДІ
«Әр қарсыласқа жеке тактикамен дайындалып шықтым. Нәтижесі – Азия чемпионатының алтыны. Жарыс өте үлкен деңгейде өтті. Турнир алдында Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиыны өтіп, бапкерлерден үлкен кеңес алдық. Азия чемпионатына алғаш рет қатысуым және алғашқы турнирімде алтын алғаныма өте қуаныштымын. Осы қарқынды тоқтатпай алдағы, әлі де жұмыс жасап Ташкент (Өзбекстан) қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел мерейін үстем етсем деген ниетім бар.» деп қуанышымен бөлісті.
БАПКЕРЛЕРДІҢ ОЙЫ
Дзюдодан ҚР Бас бапкері Нұрбол Сүлейменов шәкірті еңбекқорлығының арқасында осы жетістікке жетті деп есептейді: «Данияр жас кезінен өзінің талантты екенін дәледеп келеді. Қарапайым, айтқан істі екі айтқызбай орындайды. Жаттығуда болсын, жарыста болсын еңбекқорлыығымен көзге түскен спортшы. 66 келіден 73 келіге ауысқанда бұл салмаққа үйренісе алмай жүрген еді, Будапеште өткен жарыстағы жүлдесі сенімділігін арттыра түсті. Көріп отырғандарыңыздай нәтижесінде Азияның алтынына ие болды.»,- дейді бапкер.
Данияр Шамшаевтың жеке бапкері, дзюдодан Жамбыл облысы бас бапкері Рахымжан Қожатаевтың пікірінше спортшы жастайынан талантымен бапкерлердің көзгіне түскенін айтты: «2018 жылы Тараз қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаытнда топ жарды. Жас кезінен өзінің еңбекқорлығымен, табандылығымен басқалардан ерекшеленіп тұратын. Сол қажырлы еңбек пен жаттиығуда төккен тер өз жемісін берді. Еңбек зая кеткен жоқ.»-дейді жеке бапкері.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?
Дзюдо саласын зерттеп жүрген сарапшы Ердос Хамзин «Данияр Шамшаевтан спорт саласының мамандары да жүлде күткен жоқ, десе де үміт болды. Жастар арасында Еуропа Кубогінде 2018 жылы жеңімпаз атанса, былтыр Прагада өткен Еуропа кубогінде күміс жүлдеге жеткен болатын. Бапкердің үлкен жұмыс жасағаны көрініп тұр. Спортшы кәсіби тұрғыдан деңгейі бір жылдың ңшңнде өте қатты өскен. Бапкер де жарыс кезінде дұрыс ескертпелер жасап, спортшының әрекеттеріне түзетулер енгізіп отырады. Бабы келісіп тұрған спортшы, Әлем чемпионатына да қатыстыруға болады. Жансай Смағұловқа жақсы қарсылас пен бәсекелес бола алатын спортшы деп есептеймін»- дейді сарапшы.
Бұл пікірмен спорт журналисі, Egemen Qazaqstan газетінің тілшісі Әли Битөре де келісіп отыр «Даниярдың кешегі жеңісі қазақ жанкүйрлері арасында да, шетел мамандары арасында да кең талқынып жатыр. Өйткені дзюдоның арғы-бергі тарихында немесе жақын 10 жылдықта мұндай жылдам жеңіс болмаған шығар. Жалпы қазақ дзюдосына осындай бір жарқын жеңіс, жаңа есім керек еді. Өйткені күні бүгінге дейін қазақ дзюдосын жалғыз Елдос Сметов өрге сүйреп келе жатқан болатын. Енді осы Даниярдың, жуырда ғана гранд слэмда топ жарған Мағжан Шамшаддиндің жолына үңілеміз.
21 жастағы балуанымыз кеше тамаша күрес үлгісін көрсетті. Жанкүйерлердің көп бөлігі жапон балуаны келмеген соң жолы болып кетті деп жатыр. Спорт журналисі ретінде бұл сөзбен келіспеймін. Себебі Даниярдың кешегі қарқынына кез келген балуан төтеп бере алмас еді. Төрт қарсыласын минутқа жетпей жеңу, екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Оның Азия чемпионатты жоғары дайындықпен келгені көрініп тұрды. Егер Данияр осы қарқынынан таймаса, Парижде жүлде күтуге болады. Сондай-ақ оны Жансай Сұмағұловтың лайықты ізбасары ретінде де қарастыра беруге болады деп есептеймін.»-дейді спорт журналисі.
Спорт саласын зерттеуші, бірнеше Олимпиадада журналистік қызмет атқарған Руслан Меделбек Д.Шамшаевтың жетістігі көзбайлау болмауы тиіс, әлі де өзін дәлелдеуі қажет деп есептейді: «Даниярдың жетістігі – мен үшін таң қаларлық болды. Барлық кездесуін минутқа жеткізбей ұтуы спортшының биік деңгейінің көрсеткіші. Десе де, қорқынышым да жоқ емес. Себебі ел дзюдошылары бір жарыста атой салғанымен, келесі жарысында сол биігінен көріне алмай жатады. Оның бірнеше мысалдары бар: Азамат Мұқанов, Ерлан Серікжанов, Дидар Хамзалар Әлем чемпионаты, Азиядағы жарыстарда жеңіске жеткеннен кейін сол деңгейін ұстап тұра алмады. Даниярдың жеңісі қанша жерден әсерлі болды десек те, спортшыны мақтауын асырмай әлі де күту керек деп есептеймін. Дзюдода 73 келіде әлем лидерлерімен қаншалықты деңгейде лайықты күрес көрсете алады осыған қарауымыз керек. Содан кейін ғана спортшы өзінің лайықты бағасын алады.»-дейді спорт саласының маманы.






