Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында қарқынды бастады

Дзюдо
Olympic.kz
Қазақстандық Марат Байқамұров дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Дзюдошы 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауда.
Ол жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы қарсыласы — кубалық Заиль Рамирес болды. Байқамұров бұл белдесуде жеңіске жетті. Енді 1/8 финалда оған қарсы Олимпиада чемпионы — әзербайжандық Зелим Коцеев шығады.
Осы салмақта Нұрлыхан Шархан да бақ сынаған еді. Алайда ол екінші айналымда бразилиялық Леонардо Гонсалвеске есе жіберді.