Аламгир Смақов «Бешикташ» сапына ауысты
«Бешикташ» футбол клубы
Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы тәрбиеленушісі әрі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Аламгир Смақов түркиялық «Бешикташ» клубымен ресми келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдерлік мәліметтерге сүйенсек, трансферлік келісім бұған дейін жасалғанымен, ФИФА-ның кәмелетке толмаған ойыншыларды тіркеу ережесіне байланысты заңды түрде тек футболшы 18 жасқа толған соң ғана толық рәсімделді.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Түркиядағы бақылау кездесулерінде өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерген. Атап айтқанда ол 5 жолдастық матчқа қатысып, 2 гол соқты және бірнеше нәтижелі пас берді. Жергілікті клубтың бапкерлері қазақстандық ойыншының әлеуетін жоғары бағалап, оны алдағы уақытта ресми ойындарға қатыстыруды жоспарлап отыр.