Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына үш медаль түсті
Басқа
ҰОК
Қазақстандық ауыр атлеттер Ташкенттегі Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті.
Атап айтқанда, Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні етөбесінен асырып, алтын медаль жеңіп алды.
Дәл осы салмақта сынға түскен Әлихан Әскербай да үздік үштіктен көрінді. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні бағындырды.
Тағы бір отандасымыз 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді.