Ат спорты: 2026 жылғы Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Ат спорты: 2026 жылғы Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды
Басқа

ҰОК

Ат спортынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Аичи және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды атады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Алдағы Азия ойындарында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Құрама сапына Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова енді. Аталған спортшылар конкурдан сынға түседі. Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.