«Дайындала беріңіздер!»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне жұмбақ мәлімдеме жасады

«Дайындала беріңіздер!»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне жұмбақ мәлімдеме жасады
Бокс

instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмей келе жатқан орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы спорт сүйер қауымды жаңа мәлімдемесімен елең еткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Боксшы инстаграм парақшасында құпия анонс қалдырып, жақын күндері спорттық мансабына қатысты өте маңызды әрі қуанышты жаңалық жариялайтынын меңзеді.

– Ағайын, жақында күшті жаңалық естисіздер. Дайындала беріңіздер, - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.

Чемпионның бұл жұмбақ мәлімдемесі үлкен сенсацияның алғашқы белгісі сияқты және бұл хабар бокс әлемін дүр сілкіндіруі әбден мүмкін.