Еурокубокпен қоштасты: «Тобыл» қарымта ойында «Партизанға» жол берді
«Тобыл» футбол клубы
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Сербияның «Партизан» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады. Екі кездесудің қорытындысы бойынша сербиялық ұжым келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бірінші таймда қазақстандық команда ойын тізгінін қолға алып, қос қанаттан жиі шабуылдады. Нәтижесінде кездесудің 7-минутында Ислам Чесноков есеп ашып, қостанайлықтарды алға шығарды.
Екінші кезең басталған бойда, яғни 47-минутта Стефан Митрович таразы басын теңестірді. Ал матчтың соңғы секундтарында, дәлірек айтқанда 92-минутта Чака Траоре «Партизанға» жеңіс сыйлаған голды соқты.
Енді белградтық клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңінде Испания Ла Лигасының өкілі — «Хетафе» командасымен негізгі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.