Бибосынов кәсіпқой бокста 6 жыл жеңілмеген бұрынғы чемпионмен айқасады

Бибосынов кәсіпқой бокста 6 жыл жеңілмеген бұрынғы чемпионмен айқасады
Бокс

Vesti.kz

Кәсіпқой бокста да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Nomad Fighting-тің мәліметінше, Бибосынов Намибия боксшысы Иммануэль Йозефпен қолғап түйістіреді. 

Йозеф – WBO Africa чемпионы және WBA Asia East белбеуінің бұрынғы иегері. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 18 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең айқас.