Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді

Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді
Бокс

@David Spagnolo/Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) 2026 жылдың 19 қыркүйегінде АҚШ-тың Сан-Диего қаласында (Калифорния штаты) өтетін бокс кешінде орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Premier Boxing Champions (PBC) ұйымы бұл титулдық кездесуді ресми түрде жариялады. Отандасымыздың қарсыласы қазіргі уақытша белбеу иегері, америкалық – Хесус Рамос (кіші) (24-1, 19 КО).

Атап өтер жайт, Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейін шаршы алаңға 2023 жылдың қарашасында Ташкентте шығып, чилилік Хулио Аламосты жеңген болатын. Содан бері АҚШ визасының кешігуіне байланысты екі жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізе алмай келді.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның мәлімдеуінше, Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы айқастың жеңімпазы орта салмақтағы толыққанды әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен міндетті түрде кездесу құқығына ие болады.

– Бұл жекпе-жекті мен тағатсыздана күттім. Оған жету үшін үлкен шыдамдылық пен тоқтаусыз еңбек қажет болды. Артық әңгіменің қажеті жоқ, мен жеңіске толықтай дайынмын, - деді Мейірім Нұрсұлтанов.