Владимир Чебурин «Атырау» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол
«Атырау» футбол клубы
Владимир Чебурин екіжақты келісім бойынша «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы жергілікті клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Клуб пен 61 жастағы қазақстандық маман келісімшартты екі жақтың келісімі бойынша бұзды. Чебурин 2026 жылдың 6 наурызында команданың тізгінін ұстап, осы уақыт аралығында бас бапкер ретінде 19 кездесу өткізді. Қазіргі кезде 19 ұпаймен «Атырау» командасы турнир кестесінде 13-орында тұр.
– Клубымыз Владимир Николаевичке атқарған еңбегі, кәсібилігі және командаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Бірге өткізген уақыт, жеңістер мен қиын сәттер клуб тарихының бір бөлігі болып қала береді. Владимир Николаевичке алдағы бапкерлік мансабында сәттілік, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз, - делінген хабарламада.