Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі жарияланды

Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі жарияланды
Жекпе-жек

ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

28-30 тамыз аралығында өтетін бәсекеге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:

Ерлер 60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов 81 келіге дейін: Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар 90 келіге дейін: Айдар Арапов 100 келіге дейін: Марат Байқамуров 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер 57 келіге дейін: Дана Әбдірова 70 келіге дейін: Ажар Асхат 78 келіге дейін: Аружан Жангелдина 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.