Таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті

Таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті
Жекпе-жек

olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандастарымыз жарыста 4 қола медальға ие болды. Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Жасурбек Исроилов (63 келіге дейін), Абдурахман Марипов (80 келіге дейін) және Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін) үшінші орын алды.