Су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Түркиядан жеңілді

Су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Түркиядан жеңілді
Басқа

ҰОК

Қазіргі таңда Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан турнирдегі төртінші кездесуін Түркияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Матч 15:8 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды. Осылайша, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы екі рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық спортшылар ширек финалға шыға алмай, енді сегізінші орыннан төменгі сатылар үшін күресті жалғастырады.

Бүгін, 7 тамыз күні, Қазақстан құрамасы Грузиямен кездеседі.