«Партизаннан» өтсе, «Хетафе» күтеді: «Тобыл» Конференция лигасының іріктеу кезеңінен өте ала ма

«Партизаннан» өтсе, «Хетафе» күтеді: «Тобыл» Конференция лигасының іріктеу кезеңінен өте ала ма
Футбол

UA-Football

Қостанайлық «Тобол» футбол командасы Конференция лигасының негізгі топтық кезеңіне жолдама беретін плей-офф раундындағы ықтимал қарсыласын білді, деп хабарлайды Bassport.kz.

УЕФА штаб-пәтерінде өткен жеребе тарту рәсімінің нәтижесінде, қазақстандық ұжым келесі айналымға өтсе, Испания Ла Лигасының өкілі «Хетафемен» күш сынасады. Алайда бұл деңгейге жету үшін қостанайлықтар алдымен үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның алпауыты - белградтық «Партизаннан» өтуі тиіс.

Егер «Тобол» сербиялық ұжымды қапы қалдырса, «Хетафемен» өтетін алғашқы кездесуін 20 тамызда сырт алаңда (Испанияда) өткізеді. Ал қарымта матч 27 тамыз күні Қостанайдағы Орталық стадионда ұйымдастырылады.