«Атырау» клубының басшысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

«Атырау» клубының басшысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
Футбол

Meta-ratings.kz

Журналист әрі инсайдер Эльдар Аманбаев «Атырау» футбол клубының басқару құрамында өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Атырау» клубының спорт директоры Игорь Прохницкий жақын арада өз қызметінен кетуі ықтимал. Маманды бұл лауазымға жыл басында тағайындаған болатын.

Алдағы уақытта Игорь Иванович өзінің туған клубы саналатын «Ақтөбе» құрылымында жаңа қызметке орналасуы мүмкін екені айтылуда.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының биылғы маусымында алты тур қорытындысы бойынша «Атырау» 7 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында тұр. Дәл осындай ұпай жинаған «Ақтөбе» де жоғары орындар үшін күресін жалғастырып келеді.