Сауль Альварес рингке оралуын жариялап, чемпионмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Сауль Альварес рингке оралуын жариялап, чемпионмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр
Бокс

Instagram

Екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес алдағы уақытта рингке қайта оралуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.  

Боксшының келесі жекпе-жегі 12 қыркүйек күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді деп жоспарланған. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ, алайда Альварес чемпиондық атағы бар қарсыласпен жұдырықтасуды көздеп отыр.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Сауль Альварес америкалық Теренс Кроуфордқа есе жіберіп, екінші орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерінен айырылған болатын. Осыдан кейін ол денсаулығын қалыпқа келтіру үшін үзіліс алған.