Еркебұлан Тоқтар мен Марсель арасындағы реванш бойынша келіссөздер қалай өтті

Еркебұлан Тоқтар мен Марсель арасындағы реванш бойынша келіссөздер қалай өтті
Жекпе-жек

Nomad

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар мен қырғызстандық Марсель Нурланбек уулу арасындағы реванш жекпе-жегін өткізу бойынша келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

Бұл туралы қырғызстандық кәсіпкер Марсель Салахунов мәлімдеді. Оның айтуынша, Тоқтардың командасы ММА ережесі бойынша өтетін қарымта кездесуден бас тартып отыр.

«Өкінішке қарай, Еркебұлан Тоқтардың өкілдері ММА ережесі бойынша реванш ұйымдастырудан бас тартып отыр. Келіссөздер нәтиже бермеді. Олар алдымен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуді талап етуде. Марсель ММА жекпе-жегін қалайды, өйткені ол бокс турнирінің жеңімпазы ретінде шарт қоюға құқылы», — деді Марсель Салахунов.

Еске салсақ, қос спортшы 27 наурыз күні Ереванда өткен Hype FC турнирі аясында кездескен болатын. Бокс ережесіне жақын форматта өткен жекпе-жекте Еркебұлан Тоқтар жеңіліс тапқан еді.