Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалында өзбек боксшысын жеңіп, финалға жолдама алды
Бокс
ҰОК
2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында кезекті кездесу өтті.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің бірінші раунды 3:2 есебімен Асылқұловтың пайдасына шешілсе, екінші раундта да ол басымдық танытты. Қорытындысында төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов турнирдің финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ол ширек финалда жапониялық Сюнсукэ Китамотомен жұдырықтасуы тиіс болған, алайда қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан.