Әділет Алмат Қазақстанға Азия чемпионатындағы алғашқы «алтынды» сыйлады

Әділет Алмат Қазақстанға Азия чемпионатындағы алғашқы «алтынды» сыйлады
Дзюдо

I

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионаты 2026 аясында қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат финалда жеңіске жетті.

81 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде ол Тәжікстан өкілі Сомон Махмадбековті ұтып, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Әділет Алмат Қазақстан құрамасына Азия чемпионаты 2026 турниріндегі алғашқы алтын медальді әкелді. Ал Сомон Махмадбеков күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін осы салмақта Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алса, Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта үздік үштіктен көрінген болатын.